Шымкент: Ikomek орталығы 2471 тұрғынға психологиялық көмек көрсеткен

Шымкент: Ikomek орталығы 2471 тұрғынға психологиялық көмек көрсеткен

Шымкент қаласында @ikomek109.shymkent орталығында 2 маман қала тұрғындары мен қонақтарына психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz

Бүгінге дейін мамандар 2471 тұрғынға осындай психологиялық көмек көрсеткен.

Психологтар орталық мамандарымен де сергіту жаттығуын жасатып, жұмыс кезінде ашуға бой алдырмау жөнінде кеңестер береді.

Орталықтың 109 нөміріне қала шаруашылығына қатысты шағымдар мен бірге писхологиялық көмекке зәру тұрғындар да хабарласады. Көмектің осындай түріне мұқтаж азаматтарға психологтар 20 – 50 минут уақыт сөйлесіп, қажетті көмектерін береді.

Таяуда көмек сұрағандар арасында нәрестесін балалар үйіне өткізгісі келген, өзіне қол жұмсаймын деген тұрғындарға қол ұшын созып, өмірлерін аман алып қалған.

Нәтижелі жұмыстың арқасында қаншама тұрғын алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізіп отыр.

Айта кетсек, психологиялық көмек қажет болса, 109 нөміріне хабарласуға борлады.

Байланысу тәсілдері:

1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;

2. WhatsApp +7 7777 109 109 мессенджерінде хабарлама жіберу;

3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу арқылы;

4. Facebook IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу арқылы;

5. Телеграм-бот @shymkentonlinekz_bot арқылы арыз-шағымды жіберу.