Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қалалық сотының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқаларының 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Брифингте Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Дәурен Сайханов, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Дұрысбекқызы баяндама жасады.
Биыл атқарылып жатқан шаралардың басты бағыты – заң үстемдігін қамтамасыз ету дейді жауаптылар. Жалпы жыл басынан бері Шымкент қаласының аудандық соттарына барлығы 15 943 істер мен арыздар түскен. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 484 іс пен арызға немесе 21,8 пайызға артқандығын көрсетеді. Осы кезеңде қаралып аяқталған істердің саны 11 787 істі құраған, 2023 жылмен салыстырғанда 2 630 іске немесе 22,3 пайызға артыпты. Аяқталған істер бойынша шешім шығарумен 5 029 іс болған, немесе 42,7 пайыз. Көрсетілген мәліметтер соттарға түскен арыздардың көбейгенін, ал шешім шығарумен аяқталған істер саны азайған.
Брифинг барысында Шымкент қалалық сотының сот төрағалары мен судьялары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
«Шымкент келбеті»