Қаланы қардан тазарту үшін 123 техника, 571 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Қазіргі таңда «ЛТД Тұрмыс», «Бәйтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс атқаруда.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көшелерді қардан тазартуға 1 259 текше метр инертті материал қолданылған.
Қазіргі уақытта көшелер мен аялдамалар және тротуарлар мен әлеуметтік нысандар маңы қалың қардан тазартылып жатыр.
Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Фото: ашық дереккөз