Күн тәртібінде Шымкент қаласының 2022-2024 жылға арналған қала бюджеті нақтыланып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданды. Сонымен қатар Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы талқыланып, бірқатар мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар ендірілді.
Атап айтқанда, жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясының күн тәртібі мына мәселелермен бекітілді:
- 2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы;
- Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы туралы;
- «Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы Шымкент қаласы мәслихатының №73/681-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2023 жылға арналған күнтізбелерін келісу туралы;
- «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 25 қарашадағы №22/209-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешімінің күшін жою туралы;
- «Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №38/312-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу және күшін жою туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2023 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Сессияда сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов, Құрметті депутаттар, құрметті жиынға қатысушылар әрқашан белсенді атсалысып, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін,-деді.
- Сіздермен бірлесіп қала өмірінің түрлі саласына қатысты мәселелер қаралып, өз шешімдерін тауып келеді. Қазіргі таңда қаланың әлеуметтік, экономикалық жағдайы айтарлықтай дамыған, оның ішінде өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салалары, көлік инфрақұрылымы тұрақты өсіп келеді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымыздағы мақсатты айқын, бағыт бағдарымызды нақты белгілеп берді. Алдымызда атқарылатын жұмыстар көп, бірге атсалысайық, жұмыла жұмыс жасайық,-деді ол.