​Шымкент қаласындағы атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру жұмыстары жалғасуда

​Шымкент қаласындағы атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында көше атауларын жаңарту, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және қоғамдық санада оң көзқарас қалыптастыру мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды алмастыру, сондай-ақ атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы мақсатта, атауы жоқ және атауын өзгертуді қажет ететін 12 құрамдас бөлікке атау беруге және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырларының есімдерін көшелерге беру мақсатында 9 тұлғаның есімін атауы жоқ көшелерге беруге байланысты ұсыныстар Шымкент қалалықжәне Республикалық ономастика комиссияларының талқылауынан өтіп, қолдау тапты.

Қазіргі таңда заңдастыру жұмыстары тиісті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізілуде.

Атап айтсақ, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы атауы жоқ 11 көше мен 1 аллеяға атау беріліп, өзгертуді қажет ететін 8 көше қайта аталатын болады. Оның11-і жер-су атаулары мен дәстүрлі тарихи атаулар болса, 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдері берілетін көшелер.

Көшелердің басым бөлігі абаттандырылған, яғни асфальт төселген, жарықпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, бұл атаулар қоғам арасында наразылық тудырмайды, жергілікті тұрғындардың пікірі ескерілген. Көшелердің ұзындығы 300 метрден бастап 3,5 шақырымға дейінгі аралықты қамтиды.

Көше атауларын беру және қайта атау жұмыстары «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес толық жүзеге асырылуда.