«Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы болып Айдар Құлжанов тағайындалды. «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Уәли Қыдыров жаңа бас редакторға зор сенім артып, жұмысына сәттілік тіледі.
Айдар Сайлауұлы Құлжанов өңірімізге белгілі, қаламы қарымды журналист. Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Бұған дейін «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінде тәжірибе жинақтады. 2020 жылдан бері «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі қызметін атқарды.
Жаңа бас редактордың қызметіне табыс тілейміз.