Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаи мен бас консул Ференц Блауманнмен кездесті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Венгрия – Орталық Еуропада Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойған алғашқы мемлекет.
Қала әкімі елшілерге екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
– Венгрия қазіргі таңда инновациялық тиімді дамудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осыған байланысты венгриялық компаниялардың біздің мегаполиске өнеркәсіптік бағытта инвестиция салуын құптаймыз. Венгрияның іскер топтарын Шымкентте өз белсенділіктерін арттыруға шақырамын. Бұл үшін қаламызда барлық жағдай жасалған. Бізде инвесторларға қолайлы жағдай мен іскерлік ахуал қалыптасқан, – деді қала әкімі.
Шаһар басшысы қаланы дамытудағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ашық және сындарлы диалогқа дайын екенін атап өтті. Бұл орайда Венгрияның Шымкент қаласындағы құрметті консулы Қайрат Құсайынұлы мырзамен қажетті мәселелерді бірлесе шешпек.