Шымкент қаласының бас имамы қасиетті айда ораза ұстаудың шарттары мен үкімдері туралы айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
– Рамазан – пенделік қылықтардан арылатын, рухани кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылудың табылмас сәті. Ораза ұстау ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, мұсылман адамға парыз. Қасиетті Рамазан айы сәуірдің 13-не кіреді. Десе де, 60 жастан асқан азаматтар медициналық бақылаудан өтіп, денсаулына қарай ауыз бекіткені абзал. 2020 жылы 21 мың отбасына ауызашар қоржыны таратылды. Биыл да мұқтаж жандардың тізімі жасалып, қайырымдылық шаралары жалғасын табады,-деді Б. Нұрматұлы.
Қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Құран қатым рәсімдері қашықтан оқылады. Тарауих намаздары да үйде орындалады. Ауызашар санитарлық талапқа сай 10 адамнан аспауы тиіс. Ал қоғамдық тамақтану орындарында, мейрамханаларда, дәмханаларда ауызашар өткізуге тыйым салынды.
Қаланың бас имамының сөзінше вакцина салдыру, ПТР тестін тапсыру оразаны бұзбайды.
Пітір садақасы биыл 420 теңгеге, фидия құны 2500 теңгеге бекітілді.