Шымкент көшелерін жарықтандыру 70%-ға жетеді

Шымкент көшелерін жарықтандыру 70%-ға жетеді

Шымкент қаласында жарықтандырылған көшелердің санын арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестігі арқылы «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгінгі таңда Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаев, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Алмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында тұрғындарға жайлылық пен қауіпсіздік сыйлау мақсатында 2021–2023 жылдары 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтар болсақ, 2021 жылы 104 көше жарықтандырылса, 2022 жылы 102 көше, 2023 жыл – 106 көшеге жарықшамдар орнатылады. Нәтижесінде мегаполистегі көшелердің жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мегаполистегі 228 көше, 8 саябақ пен 32 гүлзарда және 1026 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы 43 016 түнгі жарықтандыру шамдарына техникалық күтім көрсетілуде.