Шымкент-Кутаиси арасында әріптестік байланыс жанданады

Шымкент-Кутаиси арасында әріптестік байланыс жанданады

Кутаиси қаласының мэрі И.Хахалейшвилидің шақыруымен Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалкабаев пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Грузияның үшінші ірі қаласына іс-сапармен барды.

Сапар аясында Шымкент пен Кутаиси арасындағы туризм саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында кездесулер жоспарланған.

Кутаисиде бүгін қала күні аталып өтуде. Шымкенттік делегация мерекелік салтанатты шараға қатысып, "Достық” аллеясында ағаш көшеттерін отырғызатын болады.

Айта кетейік, мамыр айының соңында "Flyarystan" әуекомпаниясы Шымкент-Кутаиси бағытында аптасына екі күндік әуе қатынастарын жаңғыртпақ.