Шымкент «қызыл» аймаққа өтті

Шымкент «қызыл» аймаққа өтті

Қазақстанда 1 шілде күнгі өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында Шымкент «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. «Сары» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары болса, «жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Сонымен қатар ел аумағында соңғы тәулікте 2 436 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР арқылы анықталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 807,

Алматы қаласында - 305,

Шымкент қаласында - 143,

Ақмола облысында - 50,

Ақтөбе облысында - 66,

Алматы облысында - 52,

Атырау облысында - 98,

Шығыс Қазақстан облысында - 78,

Жамбыл облысында - 27,

Батыс Қазақстан облысында - 121,

Қарағанды облысында - 394,

Қостанай облысында - 51,

Қызылорда облысында - 35,

Маңғыстау облысында - 81,

Павлодар облысында - 64,

Солтүстік Қазақстан облысында - 20,

Түркістан облысында - 44.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 425 573 жеткен.