Шымкент қаласында биыл кезекті рет ұйымдастырылған “Shymkent Marathon” ауқымды спорттық іс-шарасы мәресіне жетті. Бұқаралық жүгіру сайысына 7 мыңға жуық адам қатысты.
Биыл да бірқатар дистанция бойынша сайыстар өтті. Атап айтқанда, 5, 10, 21 және 42 шақырым және скандинавиялық жүрістен, сонымен қатар, Экиден (42 шақырымдық эстафета) жеңімпаздар анықталды. Жарыста барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетті.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетті. Бұқаралық жүгіру сайысында топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және демеушілердің бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Шымкент марафонының жылдан жылға ауқымы ұлғайып келеді. Кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлерінің басын қосатын іс-шараға айналды.
"Шымкент келбеті"