Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Соңғы үш күн ішінде өндіріс ошағы ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель жөнелтті. Әзірге Шымкент пен Түркістан облысын қамтып отыр.

Зауыт былтыр 6,2 млн тонна мұнай өңдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеу жоспарлануда. Оның 110,1 мың тоннасы бензин, 114,8 мың тоннасы дизель отыны, 15,1 мың тоннасы сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тоннасы авиаотын, 77,6 мың тоннасы мазут.

Президент зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізуді міндеттеген болатын.