Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 12-13 ақпан күндері сағат 18:30-да М.Әуезовтің «Қарагөз» қойылымы сахналанады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Қарагөз» - қазақ әдебиетінің інжу-маржанына айналған; ұлттық салттың салтанаты мен дәстүрін бүгінгі қоғамға дәріптейтін, бабалар тарихы жолында «махаббат пен дәстүр тартысының» таразыға түскен сәтін шебер суреттейтін, танымы мен берері мол қойылым.
Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов
Мекен-жайы: «Нұрсәт» ш/а. Н.Назарбаев даңғылы 6.
Анықтама тел: 77-10-43, 8 778 249 59 20.