Көрме орталығында 24-25 маусым аралығында «Шымкент өнімдері» атты көрме өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев брифингте баяндады.
Көрменің мақсаты - қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетін жоғарлату және ішкі нарықтағы тұтынушыларға жергілікті өндірістерде шығарылатын тауарларды таныстыру.
Көрмеде кілем өнімдері, мақта маталар, дайын тігін және шұлық бұйымдары, аяқ киімдері, жиһаз, химиялық заттар, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері және т.б. тауарлар көрсетіледі.