Шымкент қаласында «Пәтер» іс-шарасы барысында 21 пәтерде орын алған ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шымкент қаласы аумағында 19-21 мамыр аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – пәтерлер мен үй иеліктерінен ұрлыққа байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу.
«Бар болғаны екі күнші іс-шара барысында барлығы 21 пәтер ұрлығы ашылды. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай АПБ бойынша төрт қылмыс, Әл-Фараби АПБ бойынша – 6, Еңбекші АПБ бойынша – 6, Қаратау АПБ бойынша бес қылмыс деректері ашылды. Көптеген қылмыстарды жасауға ықпал ететін факторлар жәбірленушілердің өз мүлкіне жауапсыз қарауы, сондай-ақ олардың шектен тыс сенушілігі себеп болады, - делінген ақпаратта.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері азаматтарды қашан да қырағы болуға және өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасауға шақырады.