​Шымкент әрбір тұрғынына қамқор

​Шымкент әрбір тұрғынына қамқор

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, 2014-2020 жылдары Шымкент қаласында 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылған. Былтыр қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 әлеуметтік нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді: Абай ауданы – 10, Әл-Фараби ауданы – 15, Еңбекші ауданы – 15 және Қаратау ауданында – 15 нысан.

Бүгінгі таңға дейін аудан әкімдіктері тарапынан 2021 жылға паспорттау және бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталып отыр. Абай ауданы – 4, Еңбекші ауданы – 22, Әл-Фараби ауданы – 31 және Қаратау ауданында – 18 нысан. Қазір осы мақсатта құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда.

Қосымша сұрақтар бойынша қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 27-71-32 тел. нөміріне хабарласуға болады.

Фото: Береке Сейітжаппар