Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері «Кең Баба», «Mega Planet», «Hyper House», «Shymkent Plaza», «Nauryz Park» сынды ойын-сауық кешендерінде аттракциондар мен батуттардың қауіпсіздігін тексерді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ауданда 11 саябақ пен 9 ірі сауда орталығы бар. Ал адам көп шоғырланған жерлерде санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ күнделікті бақылау жүргізіп отыр.
Айта кетсек, жыл басынан бері ұйымдастырылған рейдтік тексеруде карантин талаптарын бұзған 3 200 кәсіпкерлік нысан анықталып, 2 013-не әкімшілік хаттама толтырылған.