Шымкент: сапалы маман даярлауда екі жақты келісімге отырды

Шымкент: сапалы маман даярлауда екі жақты келісімге отырды

Шымкентте медицина академиясының студенттері енді алысқа сабылмай-ақ, қаладағы ауруханада тәжірбиелерін шыңдайтын болады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Мұндай мүмкіндікке Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен №1 қалалық клиникалық аурухана арасында түзілген меморандум аясында қол жеткізілді.Енді білім ордасындағы студенттер аталған емдеу мекемесінде тәжірбиеден өтіп, біліктілігін шыңдай алады.

Айта кетейік, академия студенттері практикадан өтіп қана қоймай, болашақта қаладағы емдеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ. Осы тарапта Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жас түлектерге қолдау білдіретіндігін жеткізді. Тіпті, тәжірбиесін шыңдап жүрген болашақ дәрігерлер қажеттілікке байланысты ауруханадағы медициналық қызметкерлермен бірге емдеу ісіне қатыса алады.

Сондай-ақ, екі жақты келісім аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедрасындағы профессорлық оқытушы құрам №1 қалалық клиникалық аурухана мамандарымен бірігіп, ауыр халдегі науқастарды емдеу үшін консилиум өткізетін болады.

Ең бастысы аталған келісім негізінде біліктілігі жоғары мамандар даярлауға басымдық беріледі.