Шымкентте соңғы тәулікте 131 адамнан коронавирус індеті анықталды. Ауырғандардың 29-ы инфекциялық стационарға жатқызылып, 102 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазір қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 1 036 орын бар. Төсек-орын толымдығы 46%-ды құрап, 559 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 477 науқас емделіп жатыр.
Өткен тәулікте 1 631 зертханалық зерттеу алынса, жалпы бүгінге дейін 290 364 ПТР сынамасы жүргізілген.
Сонымен бірге қалада бір тәулік ішінде 9 663 адам КВИ-ге қарсы вакцина алған. 5 979 адам І компонентін, 3 684 адам екінші компонентін салдырған. Егу науқаны басталғалы барлығы 273 777 адам вакцинацияланды.
Айта кетсек, Шымкентте қазір эпидемиологиялық жағдай бойынша қазір «қызыл» аймаққа өткен.