Шымкент: өткен тәулікте 5 адам коронавирустан емделіп шықты

Шымкент: өткен тәулікте 5 адам коронавирустан емделіп шықты

Үшінші мегаполисте өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелген болса, 5 науқас емделіп шықты. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 36 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 101 адамға пневмония диагнозы қойылған болса, 97 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы орайда медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтық сақтауға шақырады.

Фото: ашық дереккөз