Шымкент: өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 10 жағдай анықталды

Шымкент: өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 10 жағдай анықталды

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 19 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 040 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Инфекция жұқтырғандардың 3 075-і симптомды болса, 2 965-і симптомсыз. Жалпы 5 510 адам емделіп шыққан.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1 060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 890-сы бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 170 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.