Шымкент әскери гарнизоны әуе базасының құрылғанына 70 жыл толуына орай салтанатты митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мерекеге «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері және әскери қызметшілердің отбасылары қатысты.
Дәстүр бойынша жиын жауынгерлік туын салтанатты түрде ортаға алып шығудан басталды.
Шарада әуе базасының командирі, полковник Тимур Еспағанбетов бүгінгі мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге грамота мен «Алғыс хат» табыстады.
–Біздің ұшқыштар әрқашан өздерін тек жақсы жағынан көрсетеді. Сіздер біздің аталарымыз бен бабаларымыздың даңқты ерліктерінің мұрагерлерісіз. Штаттан тыс жағдайлар аз болсын, жауынгерлік техника сәтсіздікке ұшырамасын. Сіздерге ашық аспан мен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мереке құтты болсын, әріптестер! - деді Еспағанбетов.
Әуеайлақта қонақтарға авиациялық техника көрмесі ұйымдастырылды. Мереке концерттік бағдарлама мен әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған би кешіне үшін би кешіне ұласты.