ШЫМКЕНТ: ЖАҚЫНДА ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН ЖАС ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

ШЫМКЕНТ: ЖАҚЫНДА ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН ЖАС ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Шымкент қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс беру жалғасуда. Жуырда отбасын құрған жас жұбайлар да азаматтық міндетін орындау мақсатында №227⠀сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
 Айдос Өмірәлі мен Жаным Жұмаш⠀4 наурызда шаңырақ көтерген. Саяси науқанда белсенділік танытқан жас отбасы ел болашағы үшін таңдау жасады.⠀⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Олардың айтуынша, бұл саяси науқанның маңызы зор. Айдостың жұбайы Жаным отбасылық өмірдегі алғашқы әрі жауапты қадамдары сайлауда дауыс беру болғандықтан, қобалжулы екендігін жасырмады. Алайда, дұрыс таңдау жасағанына сенімді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
— Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымды реформалар жүзеге асып жатыр. Халық референдум мен Президент сайлауында дауыс берсе, бүгін ҚР Парламент Мәжілісі мен⠀мәслихат депутаттары сайлауына дауыс беріп жатыр. Осындай маңызды күнде біз де сайлаудан шет қалмай өзіміз сенім артқан үміткерге дауыс бердік,⠀— дейді Айдос Өмірәлі.⠀⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
№227 сайлау учаскесінің төрағасы Гүлнұр Қорғанбекова да жас жұбайлардың бірге келіп, осындай маңызды қадам жасап, дауыс бергеніне қуанышты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
— Әр азамат осылай ел болашағына жауапкершілікпен қараса, бұл да мемлекет дамуына қосқан елеулі үлесі,- дейді ол. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Таң атып, сайлау учаскесі ашыла сала, дауыс беруге келген адамдардың қарасы көп. Осы сайлау учаскесіне 2 880 сайлаушы 270-ке жуығы өз таңдауын жасаған. Дауыс берушілердің көңіл-күйі көтеріңкі. Сайлау учаскесі қызметкерлері барлық талаптарды сақтай отырып, азаматтарға барлық қажетті көмекті көрсетуде.