ШЫМКЕНТ: ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

ШЫМКЕНТ: ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы мегаполистің ірі магистральді көшелері – Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдарында, А.Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында да жалғасты. Әл-Фараби және Тұран аудандарына қарасты аумақта өткен жұмысқа екі ауданның тұрғындары, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры И.Вербицкий мен қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары қатысты.

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жастар тарапынан ерекше қолдауға ие болып отыр. Игі шара қаланың көркеюіне, қоршаған ортаның тазаруына ғана әсер етіп қоймай, жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, Отанымызға деген махаббатын арттыра түсетіні анық. Бүгін қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары, қаладағы жоғары оқу орындардың студенттері таңнан бері «Таза өлке» апталығы аясында ұйымдастырылып отырған #TazaShym шарасында белсенділік танытып отыр, - дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Заманбек Орынбеков.
 
Айта кетейік, тазалық жұмыстарына мыңнан астам белсенді жас пен студенттер қатысып, 13 аялдаманың қабырғалары мен орындықтарын жуып, қоқыс жәшіктері, аяқжол айналасын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, 600 түп ағаш әктеліп, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.