Шымкент зауытында жылына 300 дизельді генератор өндіріледі

Шымкент зауытында жылына 300 дизельді генератор өндіріледі

Бүгін Шымкент әкімі «Тассай» индустриалды айымағында орналасқан бірқатар өндіріс орындарымен танысты. Солардың бірі – «New Technology Ltd» кәсіпорны. Мұнда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазір зауытта 30 адам тұрақты жұмыс істеуде.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы саны мен өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Тиісті сала басшыларына мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарда осы өнімді тұтынуға шақыру керектігін тапсырды.

Сонымен қатар кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектерді де өндіріледі. Өнімнің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 30 пайызы ТМД елдеріне экспортталады.