Шымкентке соңғы 3 жылда көрші елденден 1275 отбасы қоныс аударып, 1999 азамат қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Қалаға жыл басынан бері көшіп келген 227 отбасындағы 300-ден азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың дені Өзбекстаннан қоныс аударған.
Шаһарға қоныс аударғандардың 3% алыс шетелдерден келсе, 0,6% Ресей мен Қытайдан келген.
Қалада алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарға қызмет көрсетіп, оралманды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы бар. Онда қандастар жарты жыл заңнамаға сай бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алады. Сондай-ақ, сұранысқа сай дәнекер, массаж, шаштараз, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандақтарына машықтанып, кәсіп үйренеді.