ШЫМКЕНТКЕ КӨШІП КЕЛГЕН 834 ОТБАСЫ «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

ШЫМКЕНТКЕ КӨШІП КЕЛГЕН 834 ОТБАСЫ «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Шымкент қаласында жыл басынан 834 отбасы, 1182 адам «қандас» мәртебесін алды. Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия және Ресей елінен келгендер.

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істейді. Мұнда атамекенге оралғандар 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлерін тегін алады.

Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 15 отбасынан 49 адам алуда.

Қазіргі таңда қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі "Бір өтініш" қағидаты бойынша жүргізеледі. Яғни қандас мәртебесін беру немесе ұзарту 4 жұмыс күні ішінде атқарылуда.

Айта кетейік, қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда және жалдамалы жұмыстармен айналысады.