Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
Нақытарық айтқанда Ош–Шымкент авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғызстан азаматы Шымкент қаласының әуежайынан еліне қайтарылған.
Мамандардың айтуынша, өткен тәулікте ел аумағына 29 халықаралық әуе рейсі келген. Олардың қатарында Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Тәжікстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды бірқатар мемлекетер бар.
Ресми мәлімет бойынша:
Өткен тәулікте 3 405 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 202 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 689 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 262 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 160 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 27 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 0 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 65 жолаушы.
Фото: ашық дереккөз