Шымкентке Түркиядан іскерлік топ өкілдері келді

Шымкентке Түркиядан іскерлік топ өкілдері келді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков Түркия Республикасынан келген іскерлік топ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Кездесуге «Yapiray» компаниясының бас директоры Тарык Кынжал мен жетекшілері, сәулетші және дизайнерлері қатысты. Тараптар екі жақты ынтымақтастық аясында қарым-қатынасты одан әрі кеңейту жайлы пікір алмасты.

Қонақтар өз тараптарынан Шымкент қаласына қызығушылықтарын білдіре отырып, «Yapiray» компаниясының әлеуетті жобаларымен таныстырды. Шойын жол және трамвай құрылысы жұмыстарына қатысты ұсыныстарын білдірді.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы аталған жоба мегаполиске толығымен ыңғайлы, экономикаға сәйкес болған жағдайда, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қажетті қолдау көрсетілетіндігін айтты. Әзірге тиісті басқарма басшыларына ұсынысты жан-жақты зерттеп-зерделеу үшін нақты тапсырмалар берді.