Шымкентте биыл Нұрсәт шағынауданы мен Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлер ағымдағы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы қаладағы тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов баспасөз брифингте айтты.
Оның сөзінше, шаһарда биыл коммуналдық тұрғын үй қоры 10 көпқабатты үйге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлап отыр. Бұл үйлердің басым бөлігінің шатыры жөндеуді қажет ететіні анықталған.
– Бүгінде басқарманың теңгерімінде – 127 коммуналдық көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 63-і сатып алу құқығымен, 64-і сатып алу құқығынсыз тіркелген. Сатып алу құқығымен тіркелген үйлер кондоминиум тіркеу үшін жер учаскесінің мемлекеттік актісін алу мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат қаралуда, -деді Рысжанов.
Айта кетсек, көпқабатты үйлерді ағымдағы жөндеуде пәтерлердің ортақ мүлкінің тек біреуіне түзету жұмысын жүргізіледі.