Шымкенттегі асыраушысынан айырылған және көпбалалы аналарды қолдау мақсатында тігін шеберханасы ашылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шағын шеберханада бүгінде 10 әйел тігін ісін үйреніп, тұрақты жұмыс істеп жатыр.
Бұл жобаны "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қоры ұйымдастырып, қаңтар айында іске қосты.
Бұдан бөлек қоғамдық қор қаладағы 4 ауданнан тігін шеберханаларын ашып, 100-ге жуық ананы жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамдық қор әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға киім-кешек, азық-түлік таратып, көмектесіп келген. Сондай-ақ балаларға арналған домбыра, компьютерлік курсы ашылған болатын.