Шымкентте 115 замануи спорт алаңы салынады

Шымкентте 115 замануи спорт алаңы салынады

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 115 замануи спорт алаңы салынады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов демеуші «ERG Еуразиялық топ» ЖШС-ның өкілімен кездесті. Демеуші спорт нысандарының 7-ін өз қаржысына салып беретінін айтты. 7 алаңшаның екеуі Қаратау ауданында, бесеуі Абай ауданында орнатылатын болды.

- Пандемия кезі бізге бейбіт күннің батырларын анықтап көрсетіп берді. Денсаулықты сақтау мен тазалыққа үйретті. Аурудың өршіген тұсында қоғамның белсенділері, халық жанашырлары көмек қолып созып, қажетті аппараттарды алуға көмектесті. Сол сәтте ауырмастан бұрын алдын алу керектігін түсіндірді. Осы тұста Сіздердің спорт алаңшасын салып береміз деген ниеттеріңіз өзгелерге үлгі болып отыр. Қоғамға пайдалы істеріңізді қала тұрғындары ұмытпайды, - деп Мұрат Әйтенов өзінің алғысын білдірді.

Айта кетейік, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен қамтылған азаматтар саны 324690 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санынан 30,6 % құрады. Ол 2019 жылға қарағанда 30202 адамға артты. Ал биыл дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31% ұлғайту жоспарлануда.