Шымкентте 152 адам індеттен айықты

Шымкентте 152 адам індеттен айықты

Қазақстанда кейінгі соңғы тәулікте 1000 адамнан коронавирус індеті анықталды, - деп хабарлайды Shymenaqparat тілшісі coronavirus2020-ға сілтеме жасап

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 203, Алматы қаласы - 138, Шымкент қаласы - 31, Ақмола облысы - 59, Ақтөбе облысы - 16, Алматы облысы - 40, Атырау облысы - 55, Шығыс Қазақстан облысы - 65, Жамбыл облысы - 17, Батыс Қазақстан облысы - 97, Қарағанды облысы - 142, Қостанай облысы - 36, Қызылорда облысы - 6, Маңғыстау облысы - 20, Павлодар облысы - 48, Солтүстік Қазақстан облысы - 11, Түркістан облысы - 16. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 396 832.

Сонымен бірге өткен тәулікте 1 847 адам коронавирустан жазылып шықты.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше Шымкентте корнавирус жұқтырған 31 жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 152 адам емделіп шықты.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 809 азамат ауруханада және үй жағдайында ем қабылдап жатыр.