​Шымкентте 22 мобильді топ карантин режимін бақылайды

​Шымкентте 22 мобильді топ карантин режимін бақылайды

Олар өткен тәулікте 240 нысанға тексеру жұмысын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин талаптарының бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz

Айта кетсек, Шымкентте 28 наурызда КВИ-дің 45 жағдайы тіркелген (белгілері бар - 25, белгілері жоқ - 20). Оның 25-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар, оның ішінде 249-ы бос, карантиндік стационарлардағы барлық 500 орын бос.

Жалпы шаһарда 305 046 ПТР зертханалық зерттеу жүргізілген. Оның ішінде бір тәулікте 1963 ПТР алынған.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты медицина мамандары карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады.