Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бір топ сала мамандарын Құрмет грамотасы және арнайы Алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шаһар басшысы қолынан медицина саласына қосқан үлкен үлесі үшін 5 қызметкер арнайы Алғыс хатпен және 5 азамат «Еңбек ардагері» медалімен марапаталды. Ал 13 сала маманына «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі табысталды.
Салтанатты жиын барысында қала әкімі әлемдік пандемия тұсында жергілікті дәрігерлердің орасан зор еңбегін атап өтіп, тәуелсіздік жылдарындағы медицина саласының жетістіктерін де тізіп шықты. Атап айтқанда, өңірде денсаулық сақтау саласындағы бюджет 30 жылда 50,8 млн.теңгеден 79,1 млрд. теңгеге дейін өскен. 3 мың бірліктен астам соңғы үлгідегі медициналық қажетті техника сатып алынған.
Мерекелік шара соңы дәрігерлер туралы деректі фильм көрсетілімімен ұласты.
Сонымен, Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар:
1. Асилбекова Айгуль Касымбековна - №2 Қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері
2. Токтарбайкызы Камила - №10 Қалалық емхананың аға медбикесі
3. Сариева Фаруза Омановна - №13 Қалалық емхананың аға медбикесі
4. Умиртаева Гульмира Арынтаевна - «Интертич» медицина орталығының отбасылық дәрігері
5. Мамиева Айдынкуль Килибаевна - «Дау-Мед» медицина орталығының эпидемиолог-дәрігері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен:
1. Есполғанова Қаршыға Зұлбыхарқызы - «Шымкент жүрек орталығының» кардиология бөлімшесінің медбикесі
2. Сабиркулов Даниёр Абдимажитович - Жедел жәрдем көрсету станциясының фельдшері
3. Абдрашова Гүлпарида Шойынбайқызы- «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының аға медбикесі
4. Тоғусбаева Салтанат Әзімқызы - «Ана мен бала» оңалту орталығының дәрігер-педиатры
5. Жұмағұлов Келесбай Боранбайұлы - Санитариялық-эпидемиологиялық саласының ардагері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен:
1. Сарбасова Мария Ермаханқызы - №6 Қалалық емхананың фельдшері
2. Сулейменова Жақсыкүл - №2 Қалалық ауруханасының сарапшы дәрігері
3. Гавриков Валерий Иванович - №3 Қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі
4. Оспанова Ақнұр Аманжолқызы - №5 Қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері
5. Оспанов Қайратжан Қадырбекұлы - №12 Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары
6. Серік Ерлан Серікұлы - Қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары
7. Жұмадилова Динара Ағаділқызы - Қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері
8. Тұрымбетова Айгуль Мелесовна - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен:
1. Тойболова Нұрипа Әбілдақызы - «Мейірім» оңалту орталығының медбикесі
2. Жұманов Рысхан Күнтуғанұлы - Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының реаниматолог дәрігері
3. Астанаева Жайнар Орынбасарқызы - Қалалық қан орталығы директорының орынбасары
4. Сапаргалиева Айгүл Октябрьқызы - №2 Оңалту орталығының бас дәрігері
5. Қалдыбекова Бейсенкүл Мұтажбекқызы - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы