Шымкентте жыл басынан бері халыққа 2 жарым миллионға жуық консультациялық -диагностикалық қызмет көрсетілді. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, оның 80 пайыздан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.
Қалада бүгінгі таңда 41 медициналық мекеме КТ және МРТ, 36 медициналық ұйым сандықрентгенография қызметін көрсетеді. Ауруды анықтау мақсатында сондай-ақ колоноскопия және бейне-электроэнцефалография,ультра-дыбыстық зерттеулері қарқынды жүргізіледі. Консультациялық-диагностикалық қызметтердің барлық түрлерін көрсететін медициналық ұйымдардың бірі – қалалық диагностикалық орталығы. Мұнда МӘМС есебінен 9 айда 4 мыңнан астам компьютерлік томография, 2 мыңнан астам магниттік-резонанстық томография зерттеулері жүргізілген. Пациенттерге медициналық кеңес беріп, қызмет көрсетуге 100-ден астам жоғары білікті дәрігер жұмылдырылған.
Айта кету қажет, науқасқа диагностикалық процедураны емдеуші дәрігер тағайындайды. Көрсеткіштер болған жағдайда дәрігер КТ немесе МРТ жүргізуге жолдама бере алады. Бұл қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациентте МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің болуы тиіс.
Биыл қаладағы медициналық ұйымдарда көрсетілетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыруға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 21 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент