Шымкентте 34 мыңнан аса отбасы АӘК алды

Шымкентте 34 мыңнан аса отбасы АӘК алды

Шымкентте 172 089 адамға атаулы әлеуметтік көмекке төленді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Осылайша мегаполистегі 34 мыңнан аса отбасы 4,3 млн. теңгеге ие болды. Ал, жалпы ел бойынша бұл көрсеткіш 683 мыңнан асқан.

1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекет қолдауына ие болған отбасылар саны 135 мыңнан асыпты. Ол үшін бюджеттен 122 млрд. теңге бөлінген болатын.

Айта кетейік, билік көмегі жалақының ең төменгі көрсеткішін алатын азаматтарға тағайындалған. Жыл басында 105 мың отбасының 519 азаматына атаулы әлеуметтік көмек ұзартылған болатын.