Шымкентте өткен айда тұрғын үйге мұқтаж 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер берілді. Ал осы айда комиссия хаттамасына сәйкес, 146 азаматты пәтермен қамтылу туралы шешім шықты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұдан өзге, алдағы уақытта мегаполисте пәтерге мұқтаж 369 азаматты баспанамен қамту жоспарланған. Ол пәтерлерқұрылыс басқармасы тарапынан пайдалануға тапсырылуына байланысты азаматтарға берілетін болады.
Аталған сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған ҰОС ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бюджеттік ұйым қызметкерлеріне беріледі.
Айта кетейік,Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарында. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, осы жылы бұл көрсеткішті 1 млн. шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр.