Шымкент перзентханасында көпбалалы 41 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Әйелдің есімі - Айжан, 25 ақпанда ол оныншы сәбиін дүниеге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы тұрақты.
- Анамыздың он баланы дүниеге әкеле алғанына қуаныштымыз. Әрине, бұл үшін оның денсаулығы мықты болуы керек. Біз үшін көпбалалы аналар нағыз батыр, - деді перзентхана мамандары.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада 4 892 бала дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында көбіне ұл балалар дүниеге келген.