Синоптиктер Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жариялады. Кейбір облыстарда қатты ыстық, ал кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мемлекеттік метеорологиялық қызметінің ресми сайтында жазылды.
Мәселен, 1 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, солтүстік, солтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі.
Петропавлда түнде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ жауады. 1-3 маусым күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Таразда 1-3 маусымда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні 15-20 м / с-ке дейін жетеді.
Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі.
Шымкентте күндіз 40-43 градус ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі.