Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының еріктілері 5000 дана медициналық бетперде таратты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Коронавирустың алдын алу мақсатында өткізілген шарада Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен көпшілік орындарда, базар маңындағы тұрғындар мен сатушыларға, қоғамдық көліктерді карантин талаптары жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сондай-ақ қоғамдық орындарда бетперде тағу қауіптің алдын алудың алғышарты екенін түсіндіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.