Шымкентте 21 жыл ішінде 6 мыңнан аса жауынгер әскери-техникалық мектепті тәмандаған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Өткен жылы әскери мектеп «Атқыш» және «Калашников қол пулеметінің пулеметшісі» мамандықтары бойынша 300-ге жуық маман даярлады.
Оқудың теориялық бөлімі жабдықталған сыныптарда, ал практикалық бөлімі «Дарбаза» оқу полигонында өтеді.
- Оқу кезінде тәрбиеленушілер казармада тұрады. Оларға 3 мезгіл ыстық тамақ, монша-кір жуу қызметі қарастырылған. АК–74-тен оқу атыстарын орындау үшін полигонға шығады, - деді Шымкент қаласындағы әскери-техникалық мектеп филиалының директоры, запастағы полковник Анарбай Тілеулиев.
Сонымен қатар, мектеп жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің білім алушыларымен тұрақты түрде белсенді жұмыс жүргізеді.