Шымкентте 600-ге жуық отбасы баспанаға қол жеткізеді

Шымкентте 600-ге жуық отбасы баспанаға қол жеткізеді

Шымкентте биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы»бағытымен үй кезегінде тұрған 589 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Отбасы банк» 2020 жылға бөлінген лимит негізінде өзінің интернет ресурстары арқылы өтінімдерді қабылдауды осы жылдың 26 мамырынадейін жүргізген болатын. Бүгінде банк арқылы негізгі және резервтік тізім қалыптастырылып, азамттардың төлем қабілеттілігін тексеру бойынша жұмыстар жүруде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтарға бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшінтұрғын үй сертификаты белгіленген шекте берілмек.

«Бақытты отбасы» бағытына тұрғын үй кезегінде тұрған «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Бағдарлама арқылы жылдық мөлшері 2 пайыздан аспайтын алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.Егер азаматтардыңай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыныкепіл бола алады.

Биыл бұл бағытқа қатысуға үлгермей қалған, азаматтар 2022 жылға бөлінетін лимитке сәйкес «Отбасы банк» арқылы өтінім тапсыра алады.