Шымкентте 8 мыңнан аса адам ковидке қарсы вакцина салдырды

Шымкентте 8 мыңнан аса адам ковидке қарсы вакцина салдырды

Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8395 адам, екінші компонентін 4310 адам ерікті түрде салдырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

Оның ішінде 4907-і медицина қызметкерлері болса, 2668-і педагогтар. Ал 546-сы полиция қызметкерлері мен 274-і басқада санаттағы азамматтар. Екпе егілген адамдардан кері әсер байқалмаған.

Вакцинаны 21 күндік аралықта екі кезеңде салынады. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны арттырады.

Елімізде сәуірдің екінші жартысында COVID-19 инфекциясына қарсы жалпы вакцинациялау басталмақ.

Вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғы анықталады. Егер ауыр аллергиялық сырқаты болса, вакцина салынбайды. Бұл ретте аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның ағзасы әртүрлі. Дер кезінде мән беру үшін вакциналаудан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болуы керек. Дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін. Одан кейін 3 күн бойы тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынады.

КВИ-ге қарсы вакциналау 18 жастан асқан адамдарға жүргізіледі. Құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық өмірінде ауыр аллергиялық реакциялармен кездескен жағдайда, жүктілік және бала емізу кезеңінде, 18 жасқа дейін және 60 жастан жоғары адамдарға вакцина салынбайды.

Вакцина салдыру үшін тұрғылықты жердегі емханаға бару керек. Халықты вакциналау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакциналау тиісті ведомствоның қызмет орнында жүргізіледі. КВИ-ге қарсы вакциналау әр адамның қалауы бойынша іске асырылады, оған ешкімді мәжбүрлемейді. Вакциналаудан бас тартқан адам әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылмайды.

- Вакцина – коронавирусты инфекциядан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Оның денсаулыққа зиянды әсері жоқ. Екпенің денсаулыққа зиян екені жайындағы қауесет сөздердің ешқандайдәлелі жоқ. Әрине, күтілетін реакциялар бар. Бірақ, бұл уақытша белгілер және ол қалыпты болып саналады. Шымкент қаласы бойынша егуден кейінгі асқыну тіркелген жоқ. Иә, кейбір адамдарда аздаған жағымсыз әсерлер болды. Бірақ, сіреспе синдромы (судорожный синдром), анафилактикалық шок, қатты аллергиялық белгілер бірде бір адамда болған жоқ. Сондықтан дәрігермен кеңесе отырып вакцина қабылдаудан қорықпауға шақырамын,- деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс Бас эпидемиологы Гүлмира Әлімбаева.