Шымкентте 800-ге жуық оқушы жазғы лагерьге жолдама алды

Шымкентте 800-ге жуық оқушы жазғы лагерьге жолдама алды

Бүгіннен бастап 800-ге жуық шәкірті қала сыртындағы сауықтыру орындарына 10 күн бойы демалатын болады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жас достардың қуанышында шек жоқ. Әсіресе, лагерьге алғаш рет барғалы отырған балалар мәз-мейрам. Жазғы лагерь жұмысының басталғанына ата-аналар да дән риза. Аптап ыстықта балаларының каникул күндерін табиғаты тамылжыған саялы демалыс орындарында өткізетініне қуанышты.

Бүгін «Ақсу» сауықтыру орталығына – 150, «Арман» демалыс орнына – 200, «Ерке» орталығына – 188, «Үшбұлақ» демалыс орнына - 200 оқушы демалысқа аттанды.

Айта кетейік, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс ата-аналардан өтініштер биыл E.govпорталы арқылы онлайн түрде қабылданды.

Биыл жалпы 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Ең алдымен атаулы әлеуметтік көмек алатын, тұрмысы төмен отбасы балалары жіберіледі.Одан бөлек 22мыңнан аса оқушының жазғы демалысы ата-аналар есебінен ұйымдастырылады.