Бұл туралы Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың еңбекақысы 40%-ға өсті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Өткен жылы Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 5 мыңнан аса адамға жолдама беріліп, қазіргі таңда 2 мыңға жуық азамат жұмысқа тартылған.
Қоғамдық ақылы жұмысқа орналасу үшін азаматтардан орта немесе жоғарғы оқу орынын бітірегендігі туралы диплом сұралмайды. Кәмелеттік жастан асқан, зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыс істеуге ықыласы бар азаматтардың өтініші қабылданады.
Биыл бір ғана қаңтар айының өзінде 1 873 шымкенттік түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелер мен кәсіпорындарға жолдама алған. Осы ретте жыл соңына дейін тағы 3 058 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қоғамдық жұмыс уақытша болғандықтан, келісім-шартбір жыл мерзімге түзіледі.
Ақылы қоғамдық жұмыс бойынша қосымша сұрақтардың жауабын +7 702 743 71 77 нөмірі арқылы білуге болады.
Фото: Ернар Мамыр