2021 жылдың 20 сәуірінен бастап Шымкент қаласында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан әрбір қару үшін оның техникалық жай-күйіне байланысты оннан бастап жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді. қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарға сыйақы есепшоттарына аударылады.
Айта кетер жайт, тіркелмеген атыс қаруы оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын өткізілетін акцияға белсенді қатысуға шақырады.
Байланыс телефоны: 102, 8707 785 3505.