Шымкент қаласында өткен жылы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 36,1 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,9 млрд теңгеге артқан, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz
Шаһарда ауылшаруашылық өнімдерінің экспорт көлемі 138,8 млн. АҚШ долларға жетіп (қаңтар-қараша), өткен жылмен салыстырғанда 107,5% немесе 9,7 млн АҚШ долларына артты. Бұл көзделген жоспардан артық көрсеткішті көрсетіп отыр. Ал, бөлшек сауда көлемі 414.7 млрд. теңгені құрады.
Ауылшаруашылығы мен тамақ өнімдерін өндіру капиталына 2020 жылы 7,6 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3 млрд. теңгеге немесе 1,7 есеге артты.