24 наурызда алғаш болып шымкенттік спортшылар қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Бірге жүгірейік" челенджін бастады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Челлендж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында спорт қайраткері Сергей Цырульниковтың бастамасымен жүзеге асып отыр.
Мұнда бағдарламаға сәйкес 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы күш нөмірлері бойынша әлемнің 4 дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның 5 дүркін рекордсмені Сергей Цырульников болды! ⠀
Мәреге бірінші келген 150 спортшыға атаулы сертификаттар берілді.
Алдағы уақытта челлендж келесі қалаларда кестеге сәйкес жалғасын табады.
1. Шымкент-24 наурыз
2. Түркістан-3 сәуір
3. Қызылорда-10 сәуір
4. Атырау-17 сәуір
5. Ақтау-24 сәуір
6. Қостанай-1 Май
7. Петропавл - 8 мамыр
8. Көкшетау-15 май
9. Павлодар-22 мамыр
10. Өскемен-29 мамыр
11. Талдықорған-5 маусым
12. Тараз-12 маусым
13. Алматы-19 маусым
14. Қарағанды-26 маусым
15. Нұр-Сұлтан-3 шілде ⠀